ТОО "Бота-2017 " Жанбота" балабакшасы 
ТОО "Бота-2017 " " Жанбота" балабакшасы 

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосшы қаласы "Бота- 2017" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Жанбота» балабақшасының " 2022 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есебі

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

1. көрсетілетін қызметті алушылардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізуі;

2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре сарсаң көріністеріне жол бермеу;

3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;

4. мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;

6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

Ақмола облысы Қосшы қаласының ЖШС «Бота-2017 "Жанбота"балабақшасында 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1. "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою"

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны –электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз / проактивті/ "бір өтініш"қағидаты бойынша көрсетілетін

2022 жылы -74 қызмет көрсетілді, оның ішінде "akmola.kz" ақпараттық жүйесі арқылы - 74, "электрондық үкімет" порталы арқылы-0.

2. "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде)

2022 жылы ақпараттық жүйе арқылы – 74қызмет көрсетілді,  оның ішінде akmola.kz  ақпараттық жүйесі арқылы – 74, мемлекеттік орган арқылы -0.

2022 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы білім бөлімі жанындағы «Жанбота» балабақшасы «Бота-2017» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде көрсетілетін қызметтерге қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

 Байланыс үшін ақпарат:

Ақмола облысы Қосшы қаласы Азаттық көшесі 3, "Бота- 2017" ЖШС "Жанбота" балабақшасы, телефон нөмірлері: 8 (702)304-89-09 электрондық мекенжайы alikow_08_04@mail.ru

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

"Жанбота"балабақшасының меңгерушісі: Амирова Алия Бейсенбаевна

Жаңартылған күні: 07.04.2023 11:13
Құрылған күні: 07.04.2023 11:13

Мемлекеттік аттестация

Текст