"БОТА-2017" ЖШС    "ЖАНБОТА" БАЛАБАҚШАСЫ
    ТОО "БОТА-2017"    ДЕТСКИЙ САД "ЖАНБОТА"

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қоғамдық талқылау

Қосшы қаласы бойынша “Бота-2017” ЖШС “Жанбота” балабақшасы 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

 Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

1. тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдаяттарға байланысты ешқандай кемсітусіз көрсетілетін қызметті алушылардың тең қолжетімділігі;

2. мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі бюрократия мен қағазбастылық көріністеріне жол бермеу;

3. мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі есептілік пен ашықтық;

4. мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

5. мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін үздіксіз жетілдіру;

6. мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.

7. Ақмола облысының білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Жанбота» балабақшасы   - 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

 

1. «Мектепке дейінгі жастағы балаларды (6 жасқа дейінгі) балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін кезекке қою»

 Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз/проактивті/ «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі.

2025 жылы - 50 қызмет көрсетілсе, оның 50-і akmola.kz ақпараттық жүйесі арқылы,  электронды үкімет порталы арқылы - 0.

 

1. «Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі   

ұйымдарға тіркеу»

 

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде)

2025 жылы  - 50 қызмет көрсетілді, 50- akmola.kz ақпараттық жүйесі арқылы, оның ішінде мемлекеттік орган арқылы – 0.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін  Қосшы қаласы бойынша   «Жанбота» балабақшасы  қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

 

Байланыс ақпараты:

Қосшы қаласы, Азаттык 3

Ақмола облысының білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Жанбота» балабақшасы,

 электронды  адресі sadzhanbota2017@gmail.com

 

Қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

                      "Бота-2017” ЖШС директоры:                    Маханова Ә.Қ.


Текст